Төрт түлік туралы 639
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер — малдың қадірі, еңбек, береке мен тұрмыс даналығын жинақтайды.
639
Мақал-мәтелдер
63.5K
Барлық қаралым
99
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Алуан-алуан жүйрік бар,
Әліне қарай шабатын.
Әліне қарай шабатын.
Нар баласын қарпып сүйер.
Нар баласы бақ етпес.
Інгеніме қараймын деп мінгенімнен айырылдым.
Қас татының жаманы.
Қаракеш болар сипаңдап.
Қалбағайы түйені,
Жүк көтермес қалтаңдап.
Аруанадан туған нар,
Жүк көтерер талтаңдап.
Қаракеш болар сипаңдап.
Қалбағайы түйені,
Жүк көтермес қалтаңдап.
Аруанадан туған нар,
Жүк көтерер талтаңдап.
Қойдың пірі - Шопан ата.
Түйе жаманы - күрт,
Шөп жаманы - керт.
Шөп жаманы - керт.
Қасқа айғырдың баласы
Қасқа тумаса да, төбел туар.
Қасқа тумаса да, төбел туар.
Қара байыр қазанат,
Қара жолда қалдырмас.
Қара жолда қалдырып,
Қанатыңды талдырмас.
Қара жолда қалдырмас.
Қара жолда қалдырып,
Қанатыңды талдырмас.
Жаман қой ісегінде қартаяды.
Арық малдың жілігі татымайды.
Күн күркіресе, жер иір,
Жер иісе, мал иір.
Жер иісе, мал иір.
Ағадағы мал - аспандағы мал,
Інідегі мал - індегі мал,
Баладағы мал - даладағы мал.
Інідегі мал - індегі мал,
Баладағы мал - даладағы мал.
Мал балада қалады,
Бай далада қалады.
Бай далада қалады.
Аруана - бір үйдің көлігі,
Бір үйдің көжесі.
Бір үйдің көжесі.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Жылқы атасы - Қамбар ата,
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Сенген қойым сен болсаң,
Күйсегеніңе болайын.
Күйсегеніңе болайын.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Әр түлікке сай бол.
«Төрт түлік туралы» мақал-мәтелдер қазақтың көшпелі өмірі мен мал шаруашылығына қатысты даналықты қамтиды. Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкіге байланысты сөз өрнектері малдың қасиетін, күтімін, ырыс-берекенің көзін, сондай-ақ еңбек пен төзімнің мәнін бейнелейді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.