Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Төрт түлік туралы 639

Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер — малдың қадірі, еңбек, береке мен тұрмыс даналығын жинақтайды.

639
Мақал-мәтелдер
63.1K
Барлық қаралым
98
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Ақылды мен ақымақ келісе алмас,
Атан түйе текемен сүзісе алмас.
EN 1 тақырыпша 71
Табында да жоқ,
Сауында да жоқ.
EN 1 тақырыпша 71
Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді.
EN 2 тақырыпша 71
Қой өлсе, қозы болады,
Келер жылы өзі болады.
EN 1 тақырыпша 71
Бақырауық болса да, түйенің бары игі.
EN 1 тақырыпша 70
Кәрі атын мақтаған жолда қалады.
EN 1 тақырыпша 70
Түйенің жолы үлкен,
Аттың жоны үлкен.
EN 1 тақырыпша 70
Бір мал арқан тоздырар,
Екі мал табан тоздырар.
EN 1 тақырыпша 70
Басы қисайған түйе мал болмайды.
EN 1 тақырыпша 70
Мынау атты жұрт көргендей тәуір ғып бер,
Болмаса, бәрін құртып, жауыр ғып бер.
EN 1 тақырыпша 70
Кереге басы - кержусан,
Жесе малға жұғымды.
EN 1 тақырыпша 70
Бесті атанның күні күркірейді.
EN 1 тақырыпша 70
Өгізімнің өлерін білсем,
Өзбекке сатпас па едім.
EN 1 тақырыпша 69
Елсізде екі түйе айда.
EN 1 тақырыпша 69
Түйе жайылса, шөлге қарай шығады,
Жатарда сорға қарай.
EN 1 тақырыпша 69

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Төрт түлік туралы» мақал-мәтелдер қазақтың көшпелі өмірі мен мал шаруашылығына қатысты даналықты қамтиды. Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкіге байланысты сөз өрнектері малдың қасиетін, күтімін, ырыс-берекенің көзін, сондай-ақ еңбек пен төзімнің мәнін бейнелейді.

Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.