Төрт түлік туралы 639
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер — малдың қадірі, еңбек, береке мен тұрмыс даналығын жинақтайды.
639
Мақал-мәтелдер
63.1K
Барлық қаралым
98
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Әркім тапқанын теке қояды.
Тана желіндегенді білмейді,
Бұзаулағанды біледі.
Бұзаулағанды біледі.
Түйені жүгендемейді,
Көп малды түгендемейді.
Көп малды түгендемейді.
Күтімсіз мал өнбес,
Күйсіз көлік жүрмес.
Күйсіз көлік жүрмес.
Түйені тұзға айда.
Әркім өз қозысын қошқар санайды.
Бір бие үйдікі, екі бие елдікі.
Нәсілі жаман сиырдан өлі бұзау туады.
Жуас түйеге әркім ие.
Ботам, ботам дегенше,
Ботакөзім десеңші.
Ботакөзім десеңші.
Бұзаудың жүгіргені сабанханаға дейін.
Ешкі сойғанның екі амалы бар:
Мүйізі- пұшпағына сап,
Терісі - бұтына қап.
Мүйізі- пұшпағына сап,
Терісі - бұтына қап.
Жылқыдағы боз айғыр,
Қуып құлын таламас.
Қуып құлын таламас.
Бас білген өгізге «Өк!» деген өлім.
Қозы көкпарға жарамас.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Жылқы атасы - Қамбар ата,
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Сенген қойым сен болсаң,
Күйсегеніңе болайын.
Күйсегеніңе болайын.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Әр түлікке сай бол.
«Төрт түлік туралы» мақал-мәтелдер қазақтың көшпелі өмірі мен мал шаруашылығына қатысты даналықты қамтиды. Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкіге байланысты сөз өрнектері малдың қасиетін, күтімін, ырыс-берекенің көзін, сондай-ақ еңбек пен төзімнің мәнін бейнелейді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.