Сөз туралы 235
«Сөз туралы» мақал-мәтелдер сөздің қуаты, тіл мәдениеті мен ой дәлдігін насихаттайды.
235
Мақал-мәтелдер
34.8K
Барлық қаралым
148
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Көңіл көзін сөз ашар,
Сөйлемесе, кір басар.
Сөйлемесе, кір басар.
Өткір пышақ жанға керек, қынға қас,
Өткір сөз дауға керек, жанға қас.
Өткір сөз дауға керек, жанға қас.
Ауыр істің салмағы білекке түсер,
Ауыр сөздің салмағы жүрекке түсер.
Ауыр сөздің салмағы жүрекке түсер.
Сөздің басы - пышақ, түбі - бір құшақ.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түиіні бар.
Жақсы адам байқап сөйлер,
Жаман адам шайқап сөйлер.
Жаман адам шайқап сөйлер.
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,
Еменнің иілгені - сынғаны.
Еменнің иілгені - сынғаны.
Жақсының сөзі ақыл шақырады,
Жаманның сөзі ашу шақырады.
Жаманның сөзі ашу шақырады.
Сөз емес сөзді
Кісі емес кісі айтады.
Кісі емес кісі айтады.
Қатты айтсаң, қарындасқа жақпайсың,
Ақырын айтсаң, ақың кетеді.
Ақырын айтсаң, ақың кетеді.
Жақсыға айтқан тура сөз,
Жасақ тіккен тумен тең.
Жаманға айтқан тура сөз,
Құмға құйған сумен тең.
Жасақ тіккен тумен тең.
Жаманға айтқан тура сөз,
Құмға құйған сумен тең.
Айтылған сөз - атылған оқ.
Бір тәуекел бұзады,
Қайғының мың қаласын.
Бір жақсы сөз бітірер,
Көңілдің мың жарасын.
Қайғының мың қаласын.
Бір жақсы сөз бітірер,
Көңілдің мың жарасын.
Көріп айтқан - куәлі сөз,
Естіп айтқан - шүбәлі сөз.
Естіп айтқан - шүбәлі сөз.
Артық сөйле, кем сөйле,
Таразыдай тең сөйле.
Таразыдай тең сөйле.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Сөз туралы» мақал-мәтелдер қазақ дүниетанымында сөздің қадірі мен жауапкершілігін айқындайды. Бұл топта тілдің қуаты, шешендік, уәде мен анттың салмағы, ойды анық жеткізу, адамға әсер ететін сөздің орны туралы нақылдар жинақталады.
Мұндағы даналық сөздің ем де, жара да болатынын еске салады: орнымен айтылған сөз елді ұйыстырып, бітімге бастайды, ал орынсыз сөз дау туғызады. Категория тіл мәдениетін құрметтеуге, тыңдай білуге, қысқа да нұсқа сөйлеуге және әділ сөз айтуға тәрбиелейді.
Мұндағы даналық сөздің ем де, жара да болатынын еске салады: орнымен айтылған сөз елді ұйыстырып, бітімге бастайды, ал орынсыз сөз дау туғызады. Категория тіл мәдениетін құрметтеуге, тыңдай білуге, қысқа да нұсқа сөйлеуге және әділ сөз айтуға тәрбиелейді.