Сөз туралы 235
«Сөз туралы» мақал-мәтелдер сөздің қуаты, тіл мәдениеті мен ой дәлдігін насихаттайды.
235
Мақал-мәтелдер
34.8K
Барлық қаралым
148
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Оқ жарасы бітер,
Сөз жарасы бітпес.
Сөз жарасы бітпес.
Жақсы сөз - жан азығы.
Шын сөз - бал, өтірік сөз - жуа.
Мадақ - жел сөз.
Ескі сөз - жаңа сөздің қазығы,
Жақсы кісі - жаман кісінің азығы.
Жақсы кісі - жаман кісінің азығы.
Ертеңгі сөз түсте жоқ,
Түстегі сөз кешке жоқ.
Түстегі сөз кешке жоқ.
Қара сөзді қамшы қылды.
Айтпаса, жүректен кетеді,
Тартпаса, білектен кетеді.
Тартпаса, білектен кетеді.
Куәсі бар сөздің дауасы бар.
Адал сөз айнымайды.
Сөзбен сөзді жуады,
Сабынмен бөзді жуады.
Сабынмен бөзді жуады.
«Сіз, біз» деген жылы сөз,
Тірліктің ғанибеті.
Тірліктің ғанибеті.
Жақсының сөзі жария.
Мың мәрте тыңда,
Бір рет сөйле.
Бір рет сөйле.
Сүтке сүт қосылса - сүмесін,
Сөзге сөз қосылса - демесін.
Сөзге сөз қосылса - демесін.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Сөз туралы» мақал-мәтелдер қазақ дүниетанымында сөздің қадірі мен жауапкершілігін айқындайды. Бұл топта тілдің қуаты, шешендік, уәде мен анттың салмағы, ойды анық жеткізу, адамға әсер ететін сөздің орны туралы нақылдар жинақталады.
Мұндағы даналық сөздің ем де, жара да болатынын еске салады: орнымен айтылған сөз елді ұйыстырып, бітімге бастайды, ал орынсыз сөз дау туғызады. Категория тіл мәдениетін құрметтеуге, тыңдай білуге, қысқа да нұсқа сөйлеуге және әділ сөз айтуға тәрбиелейді.