Мақал-мәтелдер

Қазақ халқының рухани мұрасы

AI
Семантикалық іздеу — мағынасы бойынша ұқсас нәтижелер табады

Сөз туралы 235

«Сөз туралы» мақал-мәтелдер сөздің қуаты, тіл мәдениеті мен ой дәлдігін насихаттайды.

235
Мақал-мәтелдер
34.8K
Барлық қаралым
148
Орташа қаралым

Мақал-мәтелдер

Сөз атасы - құлақ,
Су атасы - бұлақ,
Жол атасы - тұяқ.
EN 2 тақырыпша 684
Жақсы сөз сүйіндіреді,
Жаман сөз күйіндіреді.
EN 1 тақырыпша 482
Жүйелі сөз жүйесін табады,
Жүйесіз сөз иесін табады.
1 EN 1 тақырыпша 385
Жаман сөз - жанға кірген тікен,
Жақсы сөз - таптырмайтын ем.
EN 1 тақырыпша 383
Киіз кімдікі болса, білек сонікі,
Ауыз кімдікі болса, сөз сонікі.
EN 1 тақырыпша 355
Білем деген - көп сөз,
Білмеймін деген - бір сөз.
EN 1 тақырыпша 340
Сөйлегенше сөзіңе өзің қожа,
Сөйлеген соң сөзіңе сөзің қожа.
EN 1 тақырыпша 322
Тау мен тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады.
EN 2 тақырыпша 319
Айтылмаған сөздің атасы өледі.
EN 1 тақырыпша 288
Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
EN 1 тақырыпша 282
Кесірлі ауыздан кесапатты сөз шығады.
EN 1 тақырыпша 273
Жүздің көркі - сақал,
Сөздің көркі - мақал.
EN 1 тақырыпша 273
Отыз тістен шыққан сөз
Отыз рулы елге тарайды.
EN 1 тақырыпша 265
Дәлелсіз сөз -
соққан жел, ұшқан тозаң.
EN 1 тақырыпша 248
Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгілер,
Жаман сөйлесе, аузынан жын төгілер.
EN 1 тақырыпша 234
Алдыңғы
1 2 ... 16
Келесі

Ең көп қаралған осы тақырыпта

«Сөз туралы» мақал-мәтелдер қазақ дүниетанымында сөздің қадірі мен жауапкершілігін айқындайды. Бұл топта тілдің қуаты, шешендік, уәде мен анттың салмағы, ойды анық жеткізу, адамға әсер ететін сөздің орны туралы нақылдар жинақталады.

Мұндағы даналық сөздің ем де, жара да болатынын еске салады: орнымен айтылған сөз елді ұйыстырып, бітімге бастайды, ал орынсыз сөз дау туғызады. Категория тіл мәдениетін құрметтеуге, тыңдай білуге, қысқа да нұсқа сөйлеуге және әділ сөз айтуға тәрбиелейді.