Төрт түлік туралы 639
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер — малдың қадірі, еңбек, береке мен тұрмыс даналығын жинақтайды.
639
Мақал-мәтелдер
63K
Барлық қаралым
98
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Малдың жатар орны - жарым құрсақ.
Қарызың болса, малым бар деме.
Отбасының жанжалы,
Қанбай ішкен шайдан туады.
Ауыр жолдың азабы,
Артар атан, нардан туады.
Қанбай ішкен шайдан туады.
Ауыр жолдың азабы,
Артар атан, нардан туады.
Атдорба түбін иіскемей ат тоймайды.
Түйесіне қарай жазысы,
Биесіне қарай қазысы.
Биесіне қарай қазысы.
Жылқы: «Көктем де бір тойдым» -дер.
Түйенің өзі түйе, құмалағы емес.
Кәрі қойдың басы піскенше,
Тоқты басының арсасы шығады.
Тоқты басының арсасы шығады.
Саяқтың ажалы қасқырдан.
Малды жисаң - машақат,
Жоғалтсаң - өкініш.
Жоғалтсаң - өкініш.
Жаман да болса жылқы жасығы.
Ат тұяғын тай басар.
Кәрі түйе тапырақтаса, боран болар.
Кетер мал қолдың кіріндей.
Әулие сандықты көтеретін - түйе.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Жылқы атасы - Қамбар ата,
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Сенген қойым сен болсаң,
Күйсегеніңе болайын.
Күйсегеніңе болайын.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Әр түлікке сай бол.
«Төрт түлік туралы» мақал-мәтелдер қазақтың көшпелі өмірі мен мал шаруашылығына қатысты даналықты қамтиды. Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкіге байланысты сөз өрнектері малдың қасиетін, күтімін, ырыс-берекенің көзін, сондай-ақ еңбек пен төзімнің мәнін бейнелейді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.