Төрт түлік туралы 639
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер — малдың қадірі, еңбек, береке мен тұрмыс даналығын жинақтайды.
639
Мақал-мәтелдер
63.1K
Барлық қаралым
98
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Елің жаман болса,
Бір жақсыны сағала.
Атың жаман болса,
Ақтекенің мүйізімен тағала.
Бір жақсыны сағала.
Атың жаман болса,
Ақтекенің мүйізімен тағала.
Отсыз өріс малға жайсыз,
Батпақты жер жолға жайсыз.
Батпақты жер жолға жайсыз.
Атан түйені май қартайтады,
Май қартайтпай не қартайтады?
Май қартайтпай не қартайтады?
Түйе деген,
Түйеден кейін бетіңе күйе деген.
Түйеден кейін бетіңе күйе деген.
Қыста қойыңды қопалы жерге қыстат,
Жазда жазық жерге жайлат.
Жазда жазық жерге жайлат.
Жаманның малы үйінде күйеді,
Жақсының малы жиында күйеді.
Жақсының малы жиында күйеді.
Сиырға ер жараспас.
Арғымақтың тұяғы,
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
Түйе, тайлақ жиғанмен,
Аунайтұғын шаңдақ жоқ.
Аунайтұғын шаңдақ жоқ.
Балықшының аты шөлден өледі.
Саулықтың жасы үлкен,
Ісектің басы үлкен.
Ісектің басы үлкен.
Түйе ағаш басын кемірсе,
Ешкі таңданады.
Ешкі таңданады.
Таудағы қар - көлдің басы,
Күздегі күйек - төлдің басы.
Күздегі күйек - төлдің басы.
Қос аттылымен қол көбейеді,
Қозысымен қой көбейеді.
Қозысымен қой көбейеді.
Қоныс ақысын түйе қайтарады.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Жылқы атасы - Қамбар ата,
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Сенген қойым сен болсаң,
Күйсегеніңе болайын.
Күйсегеніңе болайын.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Әр түлікке сай бол.
«Төрт түлік туралы» мақал-мәтелдер қазақтың көшпелі өмірі мен мал шаруашылығына қатысты даналықты қамтиды. Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкіге байланысты сөз өрнектері малдың қасиетін, күтімін, ырыс-берекенің көзін, сондай-ақ еңбек пен төзімнің мәнін бейнелейді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.