Төрт түлік туралы 639
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер — малдың қадірі, еңбек, береке мен тұрмыс даналығын жинақтайды.
639
Мақал-мәтелдер
63.1K
Барлық қаралым
98
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Екі жылда бір туған,
Түйенікі не талтаң?
Түйенікі не талтаң?
Тұлпардың оттауы бір болса да, жусауы басқа.
Қошқардың жайын қой баққан біледі.
Құрттаған қой құдық басында.
Тай атқа, ат мұратқа жеткізер.
Жүк тартпаған түйенің нарлығы жоқ.
Өгіздің құйрығы болғанша,
Бұзаудың құлағы бол.
Бұзаудың құлағы бол.
Кесімді малға өлім бар.
Көлік жисаң атан жи,
қияға салсаң мойытпас.
Сауын жисаң бие жи,
Үш ай тоқсан болғанда,
Ариды деп ағытпас.
қияға салсаң мойытпас.
Сауын жисаң бие жи,
Үш ай тоқсан болғанда,
Ариды деп ағытпас.
Құлындаған байталдан,
Құдықтағы су артылмайды.
Құдықтағы су артылмайды.
Өгіз өлгенше өседі.
Төрт түліктің төресі - түйе.
Кәрі түйе тартыншақ.
Түзде бұзау өлсе,
Үйдегі сүтке ит тиеді.
Үйдегі сүтке ит тиеді.
Жантақ жемеген түйенің тілі қышиды.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Жылқы атасы - Қамбар ата,
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Сенген қойым сен болсаң,
Күйсегеніңе болайын.
Күйсегеніңе болайын.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Әр түлікке сай бол.
«Төрт түлік туралы» мақал-мәтелдер қазақтың көшпелі өмірі мен мал шаруашылығына қатысты даналықты қамтиды. Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкіге байланысты сөз өрнектері малдың қасиетін, күтімін, ырыс-берекенің көзін, сондай-ақ еңбек пен төзімнің мәнін бейнелейді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.