Төрт түлік туралы 639
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер — малдың қадірі, еңбек, береке мен тұрмыс даналығын жинақтайды.
639
Мақал-мәтелдер
63.2K
Барлық қаралым
98
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Өрісі жақсы мал оңалар.
Жүйрік ат шаппаса да, қырындайды.
Атан өгіз мүйізімен де соқа сүйретеді.
Шөлге шықсаң
шөл екенін біліп шық,
шөл тәңірі - сары атанға мініп шық.
шөл екенін біліп шық,
шөл тәңірі - сары атанға мініп шық.
Жаман теке сүзеген.
«Шөк!» десе, түйе де шөгеді.
Семіз қойдың өмірі қысқа.
Шыры болса қомында,
Алты айшылық жолында,
Атан түйе арымас.
Алты айшылық жолында,
Атан түйе арымас.
Қой бақтым -қоңырау тақтым.
Арғымақ жалсыз, ер малсыз.
Түйе жүктен қашып құтылмас,
Ат арбадан қашып құтылмас.
Ат арбадан қашып құтылмас.
Ешкінің пірі - Сексек ата.
Жүйрікке озудан қалу қиын.
Ат айында, бие жылында құлындайды.
Ақсақ қой ауыл қасында,
не құдық басында.
не құдық басында.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Жылқы атасы - Қамбар ата,
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Сенген қойым сен болсаң,
Күйсегеніңе болайын.
Күйсегеніңе болайын.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Әр түлікке сай бол.
«Төрт түлік туралы» мақал-мәтелдер қазақтың көшпелі өмірі мен мал шаруашылығына қатысты даналықты қамтиды. Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкіге байланысты сөз өрнектері малдың қасиетін, күтімін, ырыс-берекенің көзін, сондай-ақ еңбек пен төзімнің мәнін бейнелейді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.