Сөз туралы 235
«Сөз туралы» мақал-мәтелдер сөздің қуаты, тіл мәдениеті мен ой дәлдігін насихаттайды.
235
Мақал-мәтелдер
34.8K
Барлық қаралым
148
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Сөзді жүндей сабады.
Көз көргенше ауыз батыр, сөйлеп қал.
Сөз қанжардан да өткір.
Оң сөз өзен тоқтатар.
Қара түсті ағарта алмайсың,
Былапыт сөзді тазарта алмайсың.
Былапыт сөзді тазарта алмайсың.
Айтсаң, сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.
Мінгес те, үйіңе жет.
Өлең - сөздің патшасы.
Даурықпа сөз - дабыра мінез.
Алтын тісті ауыздан,
Аса жаман сөз шығар.
Жаннан безген жауыздан,
Жазығы жоқ көз шығар.
Аса жаман сөз шығар.
Жаннан безген жауыздан,
Жазығы жоқ көз шығар.
Кейде сөз де буылады.
Нарқын таппаған сөз құлазиды.
Аталы сөзді арсыз қайырады.
Жаманның берген асынан
Жақсының айтқан сөзі артық.
Жақсының айтқан сөзі артық.
Айтсам - ұят, айтпасам - қиянат.
Теріс естіген сөздің жауабы да теріс.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
«Сөз туралы» мақал-мәтелдер қазақ дүниетанымында сөздің қадірі мен жауапкершілігін айқындайды. Бұл топта тілдің қуаты, шешендік, уәде мен анттың салмағы, ойды анық жеткізу, адамға әсер ететін сөздің орны туралы нақылдар жинақталады.
Мұндағы даналық сөздің ем де, жара да болатынын еске салады: орнымен айтылған сөз елді ұйыстырып, бітімге бастайды, ал орынсыз сөз дау туғызады. Категория тіл мәдениетін құрметтеуге, тыңдай білуге, қысқа да нұсқа сөйлеуге және әділ сөз айтуға тәрбиелейді.