Төрт түлік туралы 639
Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер — малдың қадірі, еңбек, береке мен тұрмыс даналығын жинақтайды.
639
Мақал-мәтелдер
63.4K
Барлық қаралым
99
Орташа қаралым
Мақал-мәтелдер
Сорттау:
Ешкі баққан зыр қағар.
«Әйт, шүу!» деген - атанға демеу,
«Әуп!» деген - ерге демеу.
«Әуп!» деген - ерге демеу.
Киелі мал иелі.
Түсініспесе, төрт түлік жат.
Қотыр теке қора былғар.
Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.
Қой көрмесек те, ешкілі байдың қызы едік.
Жылқы күнде мінілсе - есек
Айына мінілсе - ат,
Жылына мінілсе - тұлпар.
Айына мінілсе - ат,
Жылына мінілсе - тұлпар.
Алыс жолдың іздерін түйе білер.
Түйеден зор - піл.
Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Түйе деген жарықтық.
Екі өркеші баладай,
Түйе деген жарықтық.
Күркіреген бураны келеде көр.
Қораң оңды болса, қойың қоңды болады.
Мал арыстанның аузында, түрікменнің түбінде.
Мыңды айдаған да бірді мінеді,
Бірді айдаған да бірді мінеді.
Бірді айдаған да бірді мінеді.
Ең көп қаралған осы тақырыпта
Жылқы атасы - Қамбар ата,
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Сиыр атасы - Зеңгі баба,
Түйе атасы - Ойсылқара,
Қой атасы - Шопан ата,
Ешкі атасы - Шекшек ата.
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Шудаларын шаң басңан,
Төрт аяғын тең басқан -
Түйе деген жануар.
Сенген қойым сен болсаң,
Күйсегеніңе болайын.
Күйсегеніңе болайын.
Жылқының сүті - шекер, еті - бал.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Әр түлікке сай бол.
«Төрт түлік туралы» мақал-мәтелдер қазақтың көшпелі өмірі мен мал шаруашылығына қатысты даналықты қамтиды. Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкіге байланысты сөз өрнектері малдың қасиетін, күтімін, ырыс-берекенің көзін, сондай-ақ еңбек пен төзімнің мәнін бейнелейді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.
Бұл топтама арқылы халықтың табиғатпен етене тіршілігі, дәстүрлі танымы, малға деген құрметі мен жауапкершілігі көрінеді. Төрт түлік жайлы нақылдар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, қанағатқа, ынтымаққа тәрбиелеп, тұрмыс тәжірибесінен туған өмірлік сабақ береді.